Ердоған "Мүгедектерді жұмысқа орналастыруда рекорд жаңартылды" деді
Президент Режеп Тайып Ердоған Измирдің Менемен ауданындағы "Кедергілерді бірге жеңдік" атты Измир бас қосуына қатысты.
1740030

Президент Режеп Тайып Ердоған 19 жылдық билік кезеңінде осы таңға дейін 62 мың 337 мүгедекті жұмысқа орналастырып, рекорд жасағанын айтты.
Ердоған Измирдің Менемен ауданындағы "Кедергілерді бірге жеңдік" атты Измир бас қосуына қатысты.
Спортта, көркемөнерде, білім беруде, жұмыста үлкен табыстарға қол жеткізген мүгедектермен бас қосқанына қатты риза болғанын білдірген Ердоған мағыналы кездесуге қатысқан баршаға алғыс айтты.
Түркияда соңғы уақытта әртүрлі қызмет салаларын автоматтандыру және компьютерлендіру тұрғысынан мүгедектерге арналған жұмыс түрлерінің тізімі едәуір кеңейді.
Ұқсас жаңалықтар

Йемен үкіметі мен халқы Түркияның қасында
Бин Мүбарак «Түркиямен қарым-қатынастардың келесі кезеңде қарқынды дамитынына толық сенеміз» деді.