ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Испанияда

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Мадридте өткен Парламентаралық Одақтың (ПАО) 143-ші Бас Ассамблеясына қатысты.

1739682
ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Испанияда
Jorge Pizarro Soto-Mustafa Sentop.jpg
Tanzila Narbayeva.jpg
Sahibe Gafarova-Mustafa Sentop.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Испанияның бас қаласы Мадридте өткен Парламентаралық Одақтың (ПАО) 143-ші Бас Ассамблеясы аясында көптеген басшымен өзара кездесулер өткізді.

Мұстафа Шентоп Әзербайжан Мәжіліс төрайымы Сахибе Гафарова ханыммен бас қосты.

Әзербайжанның Жеңіс күні болған 9 қараша күнінен кейін Арменияның арандатушылықтарын арттырған процесті бақылап отырғандарын атап көрсеткен Шентоп «Армения Әзербайжанның шекара тұтастығын бұзуды тоқтатып, парасаттылық көрсетуге тиісті» деді.

Шентоп «Аймақта тұрақтылық пен ынтымақтастық мүмкіндіктері анықталған бір кезеңде, оқиғаларды бақылауға алуға етуге тиістіміз. Аймақтық ынтымақтастыққа бағытталған процесте мүмкіндіктерді пайдалану үшін Армения да ұстамдылықпен қозғалу керек» деді.

Шентоп Түркияның Әзербайжанмен ынтымақтастығының осы уақытқа дейін болғандай жалғасатынын атап көрсетті.

Шентоп Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) қонақжайлығында 9-10 желтоқсан күндері Стамбулда өтетін Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Одағының 16-шы конференциясына Әзербайжан Мәжіліс төрайымы Гафарованы шақырды.

Өзбекстан Сенатының төрайымы Танзила Нарбаевамен де бас қосқан Мұстафа Шентоп Өзбекстанда 24 қазан күні өткен президенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.

Шентоп Түркия мен Өзбекстанның ортақ өркениет, тарих және мәдениетті бөлісетін екі бауырлас ел екенін атап «Соңғы кезеңде қарым-қатынастарда қол жеткізілген серпінге қуаныштымыз» деді.

Шентоп Латын Америкасы және Карибтер Парламенті төрағасы Хорхе Писарро Сотомен кездесуінде Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерімен қарым-қатынастарға үлкен мән бергендерін атап «Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерімен қарым-қатынасымызды дамытуда аймақтық ұйымдар маңызды рөл атқарады және біз барлық мүмкін болатын салаларда ынтымақтастықты ілгерілетуді қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар