"Түркияда білім берудің 20 жылы"

Президент Түркияның білім беру саласында дамыған елдермен бәсекеге түсе алатын деңгейге келгенін айтты.

1736954
"Түркияда білім берудің 20 жылы"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның білім беру саласында дамыған елдермен бәсекеге түсе алатын деңгейге келгенін айтты.

 Ол Білім беру министрлігі тарапынан дайындалған «Түркияда білім берудің 20 жылы: 2000-2019» атты кітапқа алғысөз жазды.

Ердоған билікке келген күннен бастап әрі білім беру жүйесінің демократиялануы, әрі барлық саланы қамтитын білім берудің жақсартылуы үшін үлкен күрес жүргізгендерін атап көрсетті.  Президент ең көп қаражатты білім беруге жұмсағандарын білдірді.

Осы шеңберде Республика тарихында теңдесі жоқ табыс жүзеге асырылғанын атап көрсеткен Ердоған: «Түркияда соңғы 20 жылда білім берудің барлық саласында жақсарту жүзеге асты.  Ең маңыздысы осы үрдіс барысында білімнің сапасын арттырдық. Енді Түркия OECD елдері секілді дамыған елдермен бәсекеге түсе алатын деңгейге жетті. Біз Түркияның одан әрі дами түсуін қалаймыз.  Білім беру саласында жетістіктерді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар