Тунджелиде операция басталды

Сепаратистік террорлық ұйым PKK-ға бағыттап «Ерен Қыс-6» операциясы басталды.

1735991
Тунджелиде операция басталды

Тунджелиде сепаратистік террорлық ұйым PKK-ға бағыттап «Ерен Қыс-6» операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігінің хабарламасында террорлық ұйым PKK-ны елден тазалау және аймақта жасырынған террористерді залалсыздандыру мақсатымен Тунджелиде операция басталғаны айтылды.

Хабарламада айтылғандай, ел ішінде терроризмнің толығымен жойылуына бағытталған «Ерен Қыс» операциялары азаматтардың қолдауымен табанды түрде жалғастырылады.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу: «Аймағымызда тыныш, ұлтымыздың сенімді түрде өмірін жалғастыруын қамдау мақсатымен күні-түні күресетін, тауда, жазықта террорист соңында жүрген қымбатты қауіпсіздік күштеріміз, жандармериямыз бүгін таңертеңнен бастап «Ерен Қыс-6» операциясына 1060 қызметкермен бірге бастады.  Операция Тунджелиде Мержан тауы аймағында жүргізіледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар