Мевлүт Чавушоғлу Маргаритис Схинаспен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропа Одағы Комиссиясы төрағасының орынбасары Маргаритис Схинаспен астана Анкарада кездесті.

1735848
Мевлүт Чавушоғлу Маргаритис Схинаспен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Twitter-дегі парақшасында Еуропа Одағы Комиссиясы төрағасының орынбасары Маргаритис Схинаспен кездескенін жариялады.

Министр Чавушоғлу "Еуропа Одағы Комиссиясы төрағасының орынбасары Маргаритис Схинаспен өткізген кездесуде Беларусь және аймақтағы заңсыз босқын тақырыптарын қолға алдық" деген сөздер қолданды.

Еуропа Одағы Түркия делегациясының мағлұматына қарағанда Маргаритис Схинас бүгін президент орынбасары Фуат Октай және Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездеседі.

 



Ұқсас жаңалықтар