Чавушоғлу Микатимен кездесті

Мевлүт Чавушоғлу Наджиб Микатимен Бейруттағы Премьер-министрлік ғимаратында кездесті.

1734796
Чавушоғлу Микатимен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бас қала Бейруттағы ресми сапары аясында Ливан премьер-министрі Наджиб Микатимен бас қосты.

Мевлүт Чавушоғлу Наджиб Микатимен Премьер-министрлік ғимаратында кездесті.

Кездесу жайлы Твиттер желісінен мәлімдемеген Чавушоғлу:

"Ливан премьер-министрі Наджиб Микатимен көп салалы қарым-қатынастарымызды толық қолға алдық. Бауырлас Ливанның тұрақтылықты сақтауына қолдауымыз жалғасады" деді.

Мевлүт Чавушоғлу Бейруттағы сапары кезінде алдымен Ливан Экономика министрі Емин Селам, президент Мишель Аун, Мәжіліс төрағасы Набих Берри және Сыртқы істер министрі Абдалла Бухабибпен жеке-жеке кездесу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар