Ердоған мен Орбан баспасөз жиналысын өткізді

Ердоған: "Грекия қазір АҚШ-тың бір әскери базасына айдалды" деді.

1732810
Ердоған мен Орбан баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Грекияның Америка Құрама Штаттарының бір әскери базасына айналғанын айтты.

Президент Ердоған ресми сапармен бас қала Анкараға келген Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен Президенттік сарайда ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Орбанмен халықаралық және аймақтық тақырыптарда көзқарас алмастырғандарын айтқан Ердоған екі жақтылы сауданы 3 миллиард доллардан 6 миллиард долларға көтеруді нысанаға алғандарын білдірді.

"Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарының маңызылығына, бізге әрқашан қолдау берген Орбан мырзаға, Венгрияға өзім, ұлтым атынан алғыс айтамын" деген Ердоған:

"Мүлешік процесімізде берген қолдауын ұмытпаймыз. Көзқарастарымыздың түсінілуі тұрғысынан берген қолдауларының жалғасуын үміт етемін" деп көрсетті.

Ердоған Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакистің мәлімдемесін сынға алып:

"5 миллион босқынды елінде бағып отырған, оларға үй иесі болған бір елге "Босқын мәселесін Түркия туғызып отыр" деу опасыздық" деді.

Ердоған:

"Егер біз қақпаларды ашсақ, Грекияның не істейтінін білмейміз. Эгейде, Жерорта теңізінде босқындардың қайықтарын аударып, оларды өлімге итермелеген ел Грекия. Бізде мұның дәлелдері бар" деді.

АҚШ-тың Грекияның Александруполи облысында құрған базасына тоқталған Ердоған:

"Грекия қазір АҚШ-тың бір әскери базасына айдалды" деді.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуропа Одағының Түркияға көші-қон тақырыбында жоғары дәрежеде қолдау беруі керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар