Әділет министрі еуропалық қонақтарды күтіп алды

Министр Гүл Цедерфельтті ЕҚЫҰ ПА төрайымы болып тағайындалуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

1732271
Әділет министрі еуропалық қонақтарды күтіп алды

Әділет министрі Абдүлхамит Гүл Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) төрайымы Маргарета Цедерфельт және қасындағы делегацияны қабылдады.

Маргарета Цедерфельт және қасындағы делегацияның сапарында террор, шетелдік дұшпандығы, Исламға қарсылық, нәсілшілдік сияқты ұлттық және халықаралық тақырыптар жөнінде көзқарас алмастырылды.

Министр Гүл Цедерфельтті ЕҚЫҰ ПА төрайымы болып тағайындалуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Түркияның саяси, экономикалық, әскери, қоршаған орта тақырыптарында белсенді тұғыр көрсеткенін, ұйымға үлкен үлестер қосқанын айтқан министр Гүл:

"Террористік ұйымдар арасын бөлмей, террордың діні, нәсілі болмағаны сенімімен барлық террор ұйымдарына қарсы күрес жүргізу демократияның және барлық елдердің ортақ жауапкерлігі екеніне сенеміз. Осы тақырыпта еліміздің террормен күресінде мүше елдермен барлық тәжірибе мен мәліметтерді бөлісуге, ынтымақтастық жасауға дайын тұрғанын білдіремін" деді.

Министр Гүл соңғы жылдарда Еуропада артқан шетелдік дұшпандығы, нәсілшілдік, Исламға қарсылық сияқты өшпенділік сөйлемдерінің уайым туғызатын дәрежеге жеткенін білдіріп, Еуропаның өз құндылықтарымен сәйкесуі керектігін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар