Түркиядағы індет бақылауға болатын деңгейде

Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

1731140
Түркиядағы індет бақылауға болатын деңгейде

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирустың (Ковид-19) жаңа түрлеріне байланысты жағдайлар, ауруханаға жатқызу көрсеткіші, қарқынды ем және өлім-жітім санының бақылауға болатын деңгейде екенін айтты.

Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

Түркияның әлемде болып жатқан оқиғаларды мұқият қадағалап, індетпен белсенді күресін сәтті жалғастырғанын білдірген Ердоған екінші жылының соңына таяп қалған пандемияның жаңа толқындар түрінде адамзатты қорқытуын жалғастырғанын айтты.

Бұл жағдайдың барлық елдердің, соның ішінде дамыған мемлекеттердің негізгі қызметтері мен өндірісіне барған сайын ауыртпалық түсіретініне назар аударған Ердоған денсаулық сақтау қызметтерінде дағдарысқа еш рұқсат етпейтіндерін айтты.

Президент Түркияда ауру саны, ауруханаға жату, реанимация және өлім деңгейінің бақылауға болатын деңгейде екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар