Хулуси Акар Әзербайжанда журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Акар Әзербайжан мен Түркияның созған бейбітшілік қолын Арменияның бір орай ретінде пайдалануы керектігін білдірді.

1731311
Хулуси Акар Әзербайжанда журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзербайжан мен Түркияның созған бейбітшілік қолын Арменияның бір орай ретінде пайдалануы керектігін білдірді.

Жеңіс күніне орай Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және қолбасшылар Әзербайжанға барды. Министр Акар бұл жерде журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Акар (бір жыл бұрын) 44 күндік операцияның нәтижесінде Әзербайжанның Армения жаулауы астындағы территорияларды құтқарғанын, өз тәуелсіздігі мен еркіндігіне қол жеткізгенін білдіріп, "Түрік Қарулы Күштері ретінде әзербайжандық бауырларымызбен бірге жұмыс істеу арқылы сол жерге төселген мина сынды әртүрлі қауіптерді жою үшін күндіз-түні жұмыс істедік. Тазаланған жерлер Аллаға шүкір қазір экономика үшін қолданылуда" деді.

Түркия-Ресей әскерлерінің міндет атқарған ортақ орталықтың жұмыстарына байланысты сұраққа орай Акар "Сол орталық келісім аясында жұмыс істеуде. Бұл жердегі мақсат атыстың тоқтатылуының түбегейлі болуы және атыстың доғарылуымен бірге аймаққа тұрақтылықтың орнатылуы" деді.

"Аймақта жағдайдың ушығуына бағытталған бірқатар әрекеттің болғаны" жайлы бір сұраққа министр Хулуси Акар "Біз Әзербейжанның өз территорияларының жаулаудан құтқарылуы үшін атсалыстық. Әзербайжан Президенті құрметті Ильхам Әлиев пен Президентіміз құрметті Режеп Тайып Ердоғанның ұзатқан бейбітшілік қолын Армения тарапының мұнф орай ретінде пайдалануын тілейміз" деп жауап берді. 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар