Чавушоғлу" АҚШ-пен жұмыс істеу тобын құрамыз" деді

Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында бір жұмыс тобы құрылады.

1729473
Чавушоғлу" АҚШ-пен жұмыс істеу тобын құрамыз" деді

Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында PKK/PYD/YPG, Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТӨ) және S-400 әуе қорғаныс жүйесі тақырыптары қолға алынатын бір жұмыс тобы құрылады.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жоспарлау және бюджет комиссиясында Сыртқы істер министрлігі және қатысты органдардың 2022 жылғы бюджеті жайлы баяндама жасады.

АҚШ-тың PKK/PYD/YPG-мен ынтымақтастығы, ФЕТӨ-нің АҚШ-тағы жалғасы және S-400 әуе қорғаныс жүйесіне жасалатын санкцияларға байланысты тұғырының одақтастық рухына қайшы екенін түсіндірген Чавушоғлу "Құрметті президентіміз бұларды кездесуде ашық айтты. Бұл тақырыптарды қолға алатын бір топ құрамыз. Бұдан бұрын да АҚШ-қа мұндай ұсынысты айтқан едік. Енді бұл ұсыныс Байден тарапынан келді" деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар