Ердоған әйелдердің еңбегі ерекше екенін айтты

Президент Ердоған "Республиканы құрған және жасатқан әйелдер" бағдарламасына қатысты.

1726592
Ердоған әйелдердің еңбегі ерекше екенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Біздің тәуелсіздігіміздің батырлары - қиыншылық алдында қайыспаған, мүмкіндіксіз істерде жеңіске жеткен, күтілмеген істе табысты болған, әйел және ер адам демей жүрегінен күш алған қасиетті ұлтымыз" деді.

Президент Ердоған бас қала Анкарада ұйымдастырылған "Республиканы құрған және жасатқан әйелдер" бағдарламасына қатысты.

Президент Ердоған:

"Республикамен бірге орнынан тұрған, өзіне тың көкжиек жаратқан және жаңа күш жинаған ұлтымыздың ең басты табысы осы кезеңде ұлттық жігердің өскелеңдігін қалыптастыруы" деп көрсетті.

Осы террриториямыздың жанқияр және еңбекшіл әйелдерінің Түркияның демократиясы мен өркендеу күресінің барлық саласында өзін көрсеткенін айтқан Ердоған:

"Біздің тәуелсіздігіміздің батырлары - қиыншылық алдында қайыспаған, мүмкіндіксіз істерде жеңіске жеткен, күтілмеген істе табысты болған, әйел және ер адам демей жүрегінен күш алған қасиетті ұлтымыз. Тұқымнан өнімге, егістіктен дастарханға, өнеркәсіптен технологияға дейінгі өндірістің барлық саласында, спорттан өнерге, қызмет өтеуден экспортқа, өмірдің барлық саласында әйелдер көрсеткен табыспен мақтанамыз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар