Мармаристе 46 босқын тағы құтқарылды

Қауіпсіздік күштері Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған  резинка қайықтағы заңсыз 46 босқынды  құтқарды.

1725391
Мармаристе 46 босқын тағы құтқарылды

Мугланың Мармарис ауданындағы су айдынында резинка қайықтағы 46 тұрақсыз босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары аудан маңында резинка қайықпен жүрген босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған  резинка қайықтағы заңсыз 46 босқынды   құтқарып, құрлыққа шығарды.

Кемежайға әкелінген босқындар тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар