Алтуннан өкілетті елшілер мәлімдемесі

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады.

1724985
Алтуннан өкілетті елшілер мәлімдемесі

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун елшілер мәселесіне байланысты «Үкіметіміз қажет жағдайда ұлттық егемендігімізге ешқашан нұқсан келтірмейтінімізді көрсету үшін қосымша қадамдар басудан тартынбайды» деді.

Фахреттин Алтун 10 елдің елшілерінің бизнесмен Осман Каваланың түрмеден босатылуы жөніндегі бастамаларынан бас тартып, Вена конвенциясының 41-ші бабына бағынатындары туралы мәлімдемесіне тоқталды.

Твиттер аккаунтынан «Рахмет Ердоған» твитімен мәлімдеме жасаған Алтун «Түркиядағы 10 елшілік жариялаған қабылданбайтын мәлімдемеге қарсы наразылық көрсеткен Президентіміз Ердоғанның басшылығына алғыс айтамыз. Президентіміздің бұл құрметсіз мәлімдемеге наразылығы – оның ұлттық егемендігімізге деген бағыныштылығы, адалдығы мен сезімталдығының нәтижесі. Түркия әрқашан басқа елдердің ішкі істеріне құрметпен қарап, халықаралық құқық пен ережелерге сәйкес сот процестеріне ешқашан араласпаған. Басқа елдерден, әсіресе де одақтас елдер және олардың еліміздегі өкілдерінен де мұны күтеміз. Сыртқы істер министрлігіміз бұл шетелдік өкілдіктерге қажетті жауапты қайтарып, қабылданбайтын осы ұстанымдары себепті өздеріне ескерту жасады. Үкіметіміз қажет кезде ұлттық егемендігімізге ешқашан нұқсан келтірмейтінімізді көрсету үшін басқа да қадамдар жасаудан тартынбайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар