АҚШ елшілігі кері қадам басты

Елшілердің Вена конвенциясына бағынатынын білдірді.

1724715
АҚШ елшілігі кері қадам басты

Америка Құрама Штаттары мен кейбір елдердің Түркиядағы өкілетті елшілері дипломаттары өздері қызмет ететін елдердің заң және тәртібіне бағынуы көздейтін «Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвециясының» 41-ші бабына бағынатынын білдірді.

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі хабарлама жариялап, «АҚШ 18 қазан күнгі мәлімдемеге байланысты кейбір проблемалар шығуына орай «Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвециясының» 41-ші бабына бағынуды бекітеді» деп жариялады.

Осман Кавала туралы мәлімдемеге қолтаңба басқан Канада, Финляндия, Дания, Нидерланды, Швеция, Норвегия және Жаңа Зеландияның елшілері де АҚШ-тың twitter-дегі жазбасын бөлісті.

«Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвециясының» 41-ші бабы бір дипломатқа өзі қызмет еткен елдің заңдары мен тәртібіне құрмет көрсетуді талап етеді.

Бапта «Қыбалдаған мемлекеттің заңдарына және тәртібіне бағыну – ерекшеліктері және тәуелсіздіктеріне зиян келместен, осындай артықшылықтан пайдаланған барша тұланың міндеті. Сол елдің ішкі істеріне араласпау да осы тұлғалардың міндеті» деп айтылған.

Сонымен қатар президенттік аппараттың дереккөздері АҚШ пен басқа да елдердің елшілерінің мәлімдемелерінің президент Ердоған тарапынан жақсы қабылданғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар