Того Ердоғанның сапарына дайын

Того президент Ердоғанның 4 күндік Африка турының екінші аялдамасы болады.

1721513
Того Ердоғанның сапарына дайын

Президент Режеп Тайып Ердоған баратын Тогоның бас қаласы Ломе көшелерінде Ердоған мен Того президенті Фор Эссозимна Гнассингбенің суреттері ілінді.  Сонымен бірге түрік байрақтары желбіретілді.

Түркиядан президент деңгейінде бірінші рет ұйымдастырылған сапар қарсаңында бас қаланың 10 пунктіне Ердоған мен Гнассингбенің суреттерімен бірге «Әділ әлем мүмкін» деген сөздер жазылған плакаттар ілінді.

Того президент Ердоғанның 4 күндік Африка турының екінші аялдамасы болады.

Осы елге алғашқы сапарды Сыртқы істер министрі Чавушоғлу 2020 жылы ұйымдастырып, Түркия елшілігі де 2021 жылы 1 сәуір күні ашылған еді.



Ұқсас жаңалықтар