Фахреттин Алтун маңызды мәлімдеме жасады

Фахреттин Алтун жаһандық мәселелерге жаһандық шешім табу керектігіне назар аударды.

1721847
Фахреттин Алтун маңызды мәлімдеме жасады

ТР Президенттік аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун жаһандық мәселелерге жаһандық шешім табу керектігіне назар аударып, Түркияның халықаралық жүйедегі қиыншылықтарды шешу үшін маңызды қадамдар басқанын білдірді. Алтун «Күш және парадокс: 21-ғасырда үлкен стратегияны түсіну» деген тақырыбымен биыл 5-шісі ұйымдастырылған "TRT World Forum 2021" іс-шараға видео жолдама жіберді.

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінің әлемді дүр сілкіндірген Қырғи қабақ соғысынан кейінгі ең үлкен апат екенін білдірген Алтун 2020 жылы әлемнің түрлі өңірлерінде көптеген халықаралық қақтығыстың болғанын және бұның шешімсіз қалғанын түсіндірді.

Алтун осы процестің мемлекеттердің ұзақ мерзімді стратегия жасауда және жаһандық қауіп-қатермен күресуде қиыншылық көргенін баяндады.

Алтун халықаралық ұйымдардың адамдық трагедиядан жаһандық климат өзгерісіне дейінгі мәселелерге шешім табу үшін жедел бір реформа жасауы керектігін атап өтті.

Түркияның халықаралық жүйедегі қиыншылықтарды шешу үшін маңызды қадамдар басқанын білдірген Алтун "Құрметті Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында сыртқы саясат стратегиямызды тек жедел қауіпсіздік тақырып үшін емес, аймақтық және жаһандық мәселерге шешім табу үшін қалыптастырдық" деді.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар