Халықаралық құқықтық ынтымақтастық өте маңызды

Гүл "Әсіресе Еуропада кең қанат жайған шетелдік, ислам және түрік дұшпандығы Еуропа құндылығына қайшы" деді.

1719760
Халықаралық құқықтық ынтымақтастық өте маңызды

Әдәілет министрі Абдулхамит Гүл Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін кейбір елдердің құқықтық ынтымақтастық тақырыбында екі беткейлік істегенін айтты.

Абдулхамит Гүл астана Анкарада"Түркияда қылмыстыларды жазаландыру тақырыбында халықаралық құқықтық ынтымақтастықтың дамытылуы" жобасының ашылу рәсімінде сөз сөйледі.

Әлем бейбітшілігіне қауіп төндірген нәсілшілдік шәне шетелдік дұшпандығына қарсы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керектігін білдірген Гүл "Әсіресе Еуропада кең қанат жайған шетелдік, ислам және түрік дұшпандығы Еуропа құндылығына қайшы. Бұл тақырыпты қолға алуымыз керек. Халықаралық құқықтық ынтымақтастық өте маңызды" деген сөздер қолдынды.

 



Ұқсас жаңалықтар