Ливия премьер-министрінің Гат қаласына іс-сапарына кедергі жасалды

Халифа Хафтарға қарасты содырлар Ливия премьер-министрінің Гат қаласына іс-сапарына кедергі жасады.

1719106
Ливия премьер-министрінің Гат қаласына іс-сапарына кедергі жасалды

Ливияның шығысындағы көтерілісшіл күштер қолбасшысы Халифа Хафтарға қарасты содырлар Ливия премьер-министрі Абдулхамид әл-Дибейбенің Гат қаласына баруына кедергі жасады.

Гат қаласы депутаты Наср Юсуф жасаған мәлімдемеде «Хафтар содырлары премьер-министр Дибейбенің Гат қаласына сапарының алдын ала жоспарланбағанын алға тартып қалаға кіруіне рұқсат бермеді» деді.

Хафтар содырларының осы әрекетін айыптаған Юсуф Гат тұрғындарын қаланың мүдделерін қорғауға және байыпты ұстанымға шақырды.

Дибейбенің сапарының алдын ала белгіленгенін түсіндірген Юсуф «Премьер-министр Гат қаласына азаматтармен кездесіп, қаланың мәселелері мен қажеттіліктерін талқылау мақсатты баратын еді» деді.

Ливияның оңтүстік-батысында орналасқан Гат қаласы Хафтар күштерінің бақылауында.



Ұқсас жаңалықтар