"Өсім көрсеткіштері дұрыс бағытта екенімізді көрсетеді"

Президент Түркияның көптеген қаласында ұйымдасқан жаңа өнеркәсіп аймақтарының әлеуетін арттырғанын білдірді.

1716337
"Өсім көрсеткіштері дұрыс бағытта екенімізді көрсетеді"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның коронавирус процесінде өндірісті тоқтатпау арқылы өзін басқа елдерден ерекшелендіргенін білдірді.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының Кеңейтілген қалалық филиал басшылары жиналысында сөз сөйледі.

«Былтыр басқа елдердің экономикасы тарылған кезде,  біз өсуді жалғастырдық. Өсім көрсеткіштері дұрыс бағытта екенімізді көрсетеді» деді ол.

Ердоған: «Пандемия кезінде Түркия ретінде өндірісті еш тоқтатпастан өзімізді басқа елдерден ерекшелендірдік.  Соңғы кезде де елімізде ешбір олқылыққа орын бермей, артықшылығымызды көрсеттік. Пандемия процесін жаңа және үлкен даму бастамасына айналдырғымыз келеді» деді.

Ол Түркияның көптеген қаласында ұйымдасқан жаңа өнеркәсіп аймақтарының әлеуетін арттырғанын білдірді. Ол кейбір елдердегі энергия тапшылығына тоқталып: «Әлемнің түкпір-түкпірінде энергия бағасы екі еседен бес есеге артқан кезде біз азаматтарымызды қорғау үшін пидақорлық жасап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар