БҰҰ Түркияның Париж климат келісімін бекіткеніне риза

Париж климат келісімінің ұсынысы кеше Түркия Ұлы Ұлттық Жәжілісі жалпы кеңесінде қабылданған еді.

1715984
БҰҰ Түркияның Париж климат келісімін бекіткеніне риза

Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркияның Париж климат келісімін бекіткеніне риза.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дужаррик "Түркияның Париж климат келісімін бекіткеніне қатты ризамыз" деді.

Барлық елдердің келісімдегі нысаналарды жүзеге асыру үшін атсалысу керектігін білдірген Дужаррик Үлкен 20 тобы елдерінің климат өзгерісімен күресуде мұрындық болуын айтты.

Еске сала кетейік, Париж климат келісімінің ұсынысы кеше Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жалпы кеңесінде қабылданған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар