Ердоған жаңа конституция жұмыстарына баға берді

Ердоған партиясының ТҰҰМ-сіндегі отырысында депутаттарға үн қатты.

1715698
Ердоған жаңа конституция жұмыстарына баға берді

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа конституция жұмыстарына қатысты «Басқа партиялардың конституциялық ұсыныстары мен өз дайындықтарымызды сәйкестендіре алсақ, онда заң шығару жылының соңына дейін Мәжілісте бұл жұмысты қорытындылай аламыз» деді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) отырысында үн қатты.

Ердоған партиясының жаңа заң шығару жылындағы алғашқы отырысында жаңа конституция бойынша жұмыстарға баға берді.

Жаңа конституцияның дайындалуы бойынша ұсыныстарға шын ниетпен қарайтындарын баса айтқан Ердоған Мәжілістегі басқа партиялардың да өз дайындықтарын қоғаммен бөлісуін асыға күткендерін білдірді.

Ердоған «Егер басқа партиялардың конституциялық ұсыныстары мен өз дайындықтарымызды сәйкестендіре алсақ, онда заң шығару жылының соңына дейін Мәжілісте бұл жұмысты қорытындылай аламыз» деді.

Түркияның президенттік үкімет жүйесімен қол жеткізген жетістіктерінің қаншалықты маңызды екендігін жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы кезеңінен көруге болатынын атап көрсеткен Ердоған «Дамыған елдерге қоса көптеген мемлекет әлі жалғасқан саяси, экономикалық және әлеуметтік ауыртпалықтардың зардабын шегіп жатқанда, біз өзімізді денсаулықтан өнеркәсіпке дейінгі әр салада оңтайлы түрде ажырата алдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар