Грекиямен консультативті келіссөздер Анкарада өтеді

Келіссөздерде Эгей мен Жерорта теңізіндегі мәселелерді шешу жолдары қарастырылады.

1715310
Грекиямен консультативті келіссөздер Анкарада өтеді

Түркия мен Грекия арасындағы консультативті келіссөздердің 63-ші туры бүгін бас қала Анкарада өтеді. Тараптар екі ел арасындағы дау-дамайлы тақырыптарға шешім іздеу үшін алғаш рет 2002 жылы 12 наурыз күні Анкарада бас қосты.

Келіссөздер 2016 жылға дейін жалғасты. Бірақ Грекияның ұстанымына байланысты келіссөздер 5 жылға тоқтады. Түркияның шақыруымен келіссөздер 25 қаңтар күні Стамбулда қайта басталды.

Екі ел арасындағы консультативті келіссөздердің соңғысы наурыз айында Грекияның бас қаласы Афиныда жүзеге асқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар