Батыстың мәселелерге шешім табу қабілеті жоқ

Ердоған "Осы таңға дейін айтқандарымды жинақтап, бір кітапта жариялауға шешім жасадым" деді.

1715107
Батыстың мәселелерге шешім табу қабілеті жоқ

Президент Режеп Тайып Ердоған "Kriter " журналына "Тіпті әділетті қоғам құруға болады" атты кітабы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесімен байланысты сындар және шешім ұсыныстары жайлы сұхбат берді.

"Неліктен мұндай бір кітап шығарғың келді?" деген сұраққа Ердоған жаһандық жүйенің тұңғиыққа тірелгенін білдірді.

Ұзақ уақыттан бері түбегейлі бетбұрыс жасауға тырысқанына назар аударған Ердоған әділетсіздік жасамай, дін, тіл және нәсілшілдікке бөлмей Түркияны басқаруға тырысқанын айтты.

Үнемі әділетті болуға, әділетті түрде әрекет жасауға талпынғанын түсіндірген Ердоған былай деді: "Осы таңға дейін айтқандарымды жинақтап, бір кітапта жариялауға шешім жасадым".

Әлем саясатына көз жіберілгенде түрлі көріністердің болғанын баяндаған Ердоған "Батыстың мәселелерге шешім табу қабілеті жоқ. Бұл жағдай баршаға аян. Талай ғасырдан бері жалғасқан батыстың  білгенін істеу мүмкіндігі енді аяқталды. Жаңа бір халықаралық жүйе жарыққа шығуда" деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар