Зеленский Ердоғаннан көмек сұрады

Зеленский президент Ердоғанға тұтқындардың тізімін берген.

1713113
Зеленский Ердоғаннан көмек сұрады

Украина Сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба президент Владимир Зеленскийдің Ресейдің қолында қамауда отырған Украина азаматтарының босатылуы үшін президент Ердоғаннан қолдау сұрағанын білдірді.

Кулеба баспасөз брифингінде Зеленский мен Ердоғанның БҰҰ 76-шы Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына барғанда кездескенін еске салды.

Кулеба кездесу барысында Зеленскийдің Ердоғанға Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің төрағасының орынбасары Нариман Джелял секілді 450 кісіден тұратын тұтқын тізімін бергенін айтты.

Украина министрі өз азаматтарының орыс түрмелерінен құтқарылуы керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар