Ердоған Сочиден аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия уақытымен сағат 17.00-де Ресейдің Сочи қаласынан аттанды.

1712407
Ердоған Сочиден аттанды
erdogan-putin.jpg
erdogan ucak.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен барған Ресейдің Сочи қаласында Ресей Президенті Владимир Путинмен пайдалы бір кездесу өткізгенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен президент Владимир Путин Ресейдің Сочи қаласындағы Президенттік сарайдың  ресми ғимаратында бас қосты.

Баспасөзге жабық өткізілген кездесу 2 сағат 45 минут жалғасты.

Кездесу жайлы әлеуметтік желі Твиттерден мәлімдеме бөліскен Ердоған:

"Әріптесім Путинмен пайдалы бір кездесу өткізген соң Сочиден кеттік" деді.

Ердоған Путинмен бірге түскен суретті бөлісті.

Путин де кездесу кезінде Ердоғанға сапары үшін алғыс айтып:

"Кездесу өте пайдалы және көлемді өтті. Жалғасты байланыс жасаймыз" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия уақытымен сағат 17.00-де Ресейдің Сочи қаласынан аттанды.

Ердоғанмен бірге Ұлттық барлау ұйымының төрағасы Хакан Фидан, Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун және Президенттік сарайдың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да Сочиден бірге аттанды.



Ұқсас жаңалықтар