TRT World Forum-ға тіркеу басталды

TRT World Forum 19-20 қазан күндері онлайн өтеді.

1710782
TRT World Forum-ға тіркеу басталды

TRT World Forum 5-ші жылында «Күш пен парадокс: 21-ғасырда үлкен стратегияны түсіну» деген тақырыппен 19-20 қазан күндері онлайн өтеді.

Түркия телерадио корпорациясы TRT тарапынан жасалған хабарламаға қарағанда, әлемнің маңызды жаһандық проблемаларына шешім табу мақсатымен 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан TRT World Forum биыл да өтеді.  Форум дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі ғалымдарға,  үкіметтік емес ұйым өкілдеріне,  қоғам басшыларына,  саясат қайраткерлеріне,  маман және баспасөз өкілдеріне бас қостырады.

Форумда өз саласында маман, әлемге әйгілі тұлғалар 16 отырыста соңғы жылдардың маңызды саяси және әлеуметтік тақырыптары мен проблемаларын талқылайды. Жаһандық гуманитарлық дағдарыстар, халықаралық қауіпсіздік саясаттары,  күштің шегі мен жаһандық әділет тақырыптарында отырыстар өтеді.

Осы арада Талибан Ауғанстандағы билікті алғаннан кейін форумға «Талибанның оралуы: Жасалған қателер мен шығарылатын сабақтар» отырысы да қосылды.

5. TRT World Forum-ға тіркелу https://www.trtworldforum.com/trt-world-forum-2021/ адресінен жүріп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар