"Рохинджа мұсылмандарын ешқашан жалғыз қалдырмаймыз"

БҰҰ-ның 76-шы Бас Ассамблеясы шеңберінде "Рохинджа мұсылмандарының жағдайы" жиналысы өтті.

1709498
"Рохинджа мұсылмандарын ешқашан жалғыз қалдырмаймыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Рохинджа мұсылмандарын ешқашан тағдырларына қалдырмайтындарын айтты. 

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Нью-Йорк қаласында Түркия мен Бангладеште Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 76-шы жиналысы аясында Рохинджа мұсылмандарының жағдайы туралы жоғары деңгейдегі онлайн кездесу өтті. 

Мевлүт Чавушоғлу жиналыстың артынан жеке Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада «Рохинджалардың ерікті, қауіпсіз, абыройлы және тұрақты оралуы үшін жұмысты жалғастыруы керек. Рохинджа мұсылмандарын ешқашан жалғыз қалдырмаймыз» деді. 

БҰҰ мәліметтері бойынша 2017 жылдың 25 тамыз күнінен кейін Араканнан қашуға мәжбүрленген және Бангладешті паналаған 700 мыңнан астам босқын бар. Лагерьлердегі босқындардың жартысын балалар құрайды. 

Халықаралық адам құқығы қорғау ұйымдары жариялаған жер серігі көріністерімен Араканда жүздеген ауылдың жойылғанын растады. 

Мьянма мен Бангладеш үкіметтері арасында рохинджаларды өз жерлеріне қайтару туралы қол қойылған келісім қоныс аударғандардың жағдайын құжаттау мүмкін болмағандықтан іс жүзінде жұмыс істемейді. 

БҰҰ мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары рохинджаларға қарсы зорлық -зомбылықты «этникалық тазалау» немесе «геноцид» деп атайды. 

Халықаралық БАҚ пен ұйымдардың Аракан штатына кіруін қатаң шектеген Мьянма үкіметі қазірге дейін рохинджа мұсылмандарының елге оралуына қатысты уәделерін орындамады. 

Бангладешті паналаған аракандық мұсылмандар және адам құқығын қорғайтын ұйымдары қажетті қауіпсіз орта қамтамасыз етілмегенде бұл адамдардың Мьянмаға оралуының жаңа бір этникалық тазалауға жол ашатынына алаңдайды.



Ұқсас жаңалықтар