Түркия мен ЕО Қырымдағы сайлауды қабылдамайды

ТР Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1708474
Түркия мен ЕО Қырымдағы сайлауды қабылдамайды

Түркия Қырымда өткен Ресей парламентінің төменгі палатасы Мемлекеттік Думаға сайлаудың өтімділігі жоқ екенін мәлімдеді. 

ТР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, елші Танжу Билгич Қырымда өткен сайлау туралы қойылған сұраққа жазбаша жауап қайтарды. 

Түркияның Украинаның территориялық тұтастығын қолдауды жалғастырғанын білдірген Билгич «Түркия Украинаның шекара тұтастығын қолдайды және Қырымның заңсыз аннексиясын мойындамайды. Бұл аяда 2021 жылы 17-19 қыркүйек күндері Қырымда өткен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасына сайлау қорытындысының Түркия үшін заңдық тұрғыдан өтімділігі жоқ» деді. 

Еуроодақ (ЕО) Ресей заңсыз аннексияланған Қырымда өткен сайлауды танымағанын мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар