6 террорист залалсыздандырылды
Қауіпсіздік күштері террористтер тарапынан қолданылған 7 баспана тапты.
Ирактың солтүстігінде «Пенче-Шимшек» операциялық аймағында PKK террорлық ұйымының 6 террористі залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Twitter есебінен жарияланған жазбада былай деп айтылды: «Қаһарман Түрік Қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі террор ұяшықтарын жоюды жалғастыруда. «Пенче-Шимшек» операциялық аймағында анықталған 6 террористі залалсыздандырды»
Сонымен қатар Тунджели әкімдігінің хабарламасына қарағанда, Қалалық жандармерия қолбасшылығының жасақтары «Ерен-7 Мержан Мунзур» операциясы шеңберінде Пүлүмүр ауданына операция жасады. Қауіпсіздік күштері террористтер тарапынан қолданылған 7 баспана тапты.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-та F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
АҚШ-тың Нью-Мексико штатында F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.
Куртулмуш Стамбул жеңісінің жылдығына орай мәлімдеме жасады
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Стамбул жеңісінің 571 жылдығына орай құттықтау жариялады.