Ауғанстаннан 357 түрік азаматы эвакуацияланды

Ауғанстандағы түрік азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

1695100
Ауғанстаннан 357 түрік азаматы эвакуацияланды

Ауғанстанда Талибанның Кабулды бақылауға алуымен Түркияға оралу үшін өтініш білдірген 357 түрік азаматы түрік әуе күштеріне тиесілі әскери ұшағымен түнде эвакуацияланды.

Ауғанстандағы түрік азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Кабул «Хамид Карзаи» халықаралық әуежайының қауіпсіз аймағында күтіп тұрған 357 түрік азаматы «ұшатын қамал» деп аталатын 2 дана «А400 М» әскери ұшағымен Пәкістанға апарылды. Түнде Түрік әуе жолдарының рейсімен Стамбулға әкелінді.

Күзетшілердің қатысуымен төлқұжат тексеруінен өткен жолаушылардың кейбіреулері өздері білдiрген тұрғылықты мекен-жайларында, ал кейбіреулері болса қонатын қонақүйлерде 10 күндік карантинде болады.

Өткен апта жексенбі күні бас қала Кабулды қоршап алған Талибан қозғалысы мемлекет басшысы Ашраф Ғанидің елден кетуі және үкімет күштерінің бас қаладан шығуымен қаланы қақтығыссыз алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар