Түркия Гаитиге көңіл айту жеделхаты жолдады

Сыртқы істер министрлігі 7,2 балл күшінде жер сілкінісі болған Гаитиге көңіл айтты.

1691325
Түркия Гаитиге көңіл айту жеделхаты жолдады

Түркия Гаитиде көптеген адамның өліміне жол ашқан жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхаты жолдады.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Гаитидің оңтүстік батысында 7,2 балл күшінде болған жер сілкінісінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Мәлімдемеде «Дос Гаити халқы мен үкіметіне қоса жер сілкінісінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз және жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар