Президент Ердоған шекара жасақтарына үн қатты

Президент Ердоған Түркия шекараларына салынған қабырғалардың елге заңсыз кіріс-шығыстың алдын толығымен алатынын мәлімдеді.

1691384
Президент Ердоған шекара жасақтарына үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран шекара желісінде тексеру және бақылау жұмыстарын жүргізген Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен телефон арқылы сөйлесіп, іске қосылған шаралар туралы ақпар алды.

Кейін шекара желісінде қызмет атқарған әскери жасақтардың қолбасшыларына үн қатқан Ердоған шекарада қабырғаларды салған кезде елге заңсыз кіру мен шығуды толығымен тоқтататындарын баса айтты.

Ердоған «Өйткені бұл шекарадағы қабырғалар біздің қауіпсіздік пен қорғаныс қабырғаларымыз болып табылады. Егер сіз бұған қол жеткізсеңіз, Түрік қарулы күштері мен қауіпсіздік күштеріміздің жүгі одан да жеңілдейтін болады. Осы сезімдермен сізді құттықтаймын және сізге сәттілік тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар