"Үлкен орман өрттерінің барлығы сөндірілді"

Ауыл шаруашылығы және орман министрі Бекир Пакдемирли мәлімдеме жасады.

1690071
"Үлкен орман өрттерінің барлығы сөндірілді"

Ауыл шаруашылығы және орман министрі Бекир Пакдемирли Түркияда соңғы 15 күнде болған үлкен орман өрттерінің сөндірілгенін жариялады. 

Пакдемирли Твиттер аккауынтынан жасаған мәлімдемеде 28 шілде күні басталған және Түркия тарихының ең ірі орман өрттері болған бұл кезеңде Муғла Көйджегиз өртінің де орман батырлары тарапынан бақылауға алынғанын білдірді. 

Пакдемирли «Осылайша біз еліміздегі барлық үлкен өртті сөндірдік. Бұл үлкен апатта біз сүйікті ұлтымызбен орман үшін бір жүрек болдық. Құрметті президентімізден бастап, бізге көмек көрсеткен елдерге, мемлекеттік мекеме мен халықаралық қауымдастықтарға, азаматтық қоғам мекемелеріне алғысымды білдіремін. Ұлт ретінде жанымыз ауырды, тынысымыз өртке оранды. Барлығымыз бірге көгалдандырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар