Түркия Чад елінде болған террор шабуылын айыптады

Түркия Чадта Боко Харам террор ұйымы тарапынан ұйымдастырылған террор шабуылын айыптады.

1686554
Түркия Чад елінде болған террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер митнистрлігінің жазбаша мәлімдемесінде "Чадтың Камерун шекарасы маңындағы Чад көлі аймағында Боко Харам террор ұйымы тарапынан жасалған шабуылда ондаған әскердің қаза тапқанын терең күйзеліс қайғымен білдік" делінді.

Мәлімдемеде "Опасыз террор шабуылын қатал түрде айыптаймыз. Қайтыс болғандардың отбастары мен туыстарына және Чад халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз" деген сөздер қолданылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар