44 уәлаятта 196 орман өрті сөндірілді

Анталия, Мугла, Испарта, Айдын және Денизли уәлаяттарында 56 тікұшақ өрт сөндіру жұмысын жалғастыруда.

1686885
44 уәлаятта 196 орман өрті сөндірілді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда 44 уәлаятта 28 шілде күні шыққан 208 орман өртінің 196-сы басқаруға алынғанын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда ел көлемінде жалғасып жатқан орман өртіне байланысты мәлімет берді.

"Түркияда 44 уәлаятта шыққан 208 орман өртінің 196-сы басқаруға алынғанын" айтқан Ердоған:

"Орман өртімен күрес үшін барлық мүмкіндіктерді аттанысқа келтірдік. Құрлықтан және әуеден өрт сөндіретін көлік саны артуда" деп көрсетті.

Ердоған:

"56 тікұшақ өрт сөндіру жұмысын жалғастыруда. 5 уәлаяттағы 12 өртін сөндіру үшін жұмыстар жүріп жатыр. Бұл уәлаяттарымыз Анталия, Мугла, Ыспарта, Айдын және Денизли" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар