Сирияда PKK-лық 6 террорист залалсыздандырылды

Сирияның «Бейбітшілік бұлағы» аймағында PKK/YPG-лік 6 террорист залалсыздандырылды.

1680942
Сирияда PKK-лық 6 террорист залалсыздандырылды

Сирияның «Бейбітшілік бұлағы» аймағында PKK/YPG-лік 6 террорист залалсыздандырылды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) әлеуметтік медиа аккаунтынан жасалған хабарламада түрік әскерінің операцияларын табандылықпен жалғастыратыны айтылды. 

«Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуыл жасауға дайындалғаны анықталған PKK/YPG-лік 6 террористің қауіпсіздік күштері тарапынан құрлықтан атқылағаны атап көрсетілген хабарламада «террормен күресіміз үздіксіз жалғасады» делінді. 

Екінші жағынан, Жандармерия Бас қолбасшылығы мен Полиция бас дирекциясы жүргізген көндіру жұмыстары нәтижесінде PKK-дан қашқан бір террористің қауіпсіздік күштеріне берілгені білдірілді. 

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда, Мардинде бүгін берілген террористің биыл қаңтар айында террор ұйымына қосылып, Сирияда жұмыс істегені анықталды. 

Көндіру әрекеттері нәтижесінде биыл берілген террорист саны 109-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар