Түркия Тунис демократиясына қолдау білдірді

"Тунисте болып жатқандар алаңдатады" деді.

1680184
Түркия Тунис демократиясына қолдау білдірді
ibrahim kalin.jpg
omer celik.jpg
numan kurtulmus.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Тунисте сайлау арқылы келген парламент және депутаттарды міндет атқарудан аулақтатқан шешімдердің атазаңға қарсы төңкеріс екенін айтты.  Мұстафа Шентоп Тунис президенті Кайс Саидтің мәжілістің жұмыстарын тоқтату және премьер-министрді міндеттен алу жөніндегі шешімі туралы пікір білдірді.

Ол хабарламасында «Тунисте болып жатқандар алаңдатады.  Сайлаумен келген парламентті және депутаттарды міндет атқарудан аулақтатқан шешімдер атазаңға қарсы төңкеріс. Әскери/бюрократиялық төңкеріс – заңсыз. Тунис халқы атазаңдық жүйе мен құқықты қорғап қалады» деп жазды.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да әлеуметтік желідегі жазбасында: «Дос және бауырлас Тунисте демократиялық процестің тоқтатылуына және халықтың демократиялық таңдауының жоқ деп саналуына қарсы шығамыз. Атазаңдық заңдылығы жоқ істерді айыптаймыз. Тунис демократиясы осы процесте күш жинап шығады деп сенеміз» деді.

Әділет және даму партиясының төраға орынбасары Нуман Куртулмуш та Әзербайжанда жүріп хабарлама жариялады. «Тунистегі төңкерістің халыққа зиян келтіретінін білеміз. Түркия ретінде антидемократиялық істерге қолдау бермейміз» деді ол.

Партия мәлімдемешісі Өмер Челик те Тунистегі оқиғаларды «саяси заңдылыққа қарсы төңкеріс» деп атады және «Тунис демократиясын қолдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар