18 елден 60 журналистке оқу семинары

Бұл туралы TRT хабарлама жариялап, бүгін басталған семинардың 28 шілде күні аяқталатынын білдірді.

1680340
18 елден 60 журналистке оқу семинары

Түркия Телерадио корпорациясы TRT мен Түрік ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА 18 елдің 60 журналистіне «Әлеуметтік медиа және Цифрлық медиа журналистикасы» семинарын беруде.

Бұл туралы TRT хабарлама жариялап, бүгін басталған семинардың 28 шілде күні аяқталатынын білдірді.

TRT-нің Білім беру департаменті дайындаған оқу семинарына Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Сербия, Пәкістан, Алжир, Ливан, Иордания, Босния және Герцеговина, Грузия, Өзбекстан, Хорватия, Молдова, Украина, Румыния, Косово, Моңғолстан, Уганда, Албания және Қазақстаннан 60 журналист қатысып отыр.

 Бағдарлама шеңберінде TRT World арнасының продюссері Ашфаг Карим, TRT World әлеуметтік медиа жауаптысы Эмре Үнал, TRT World арнасының Цифрлық кампания маманы Сүмейе Олжай, TRT World жүргізушісі Али Мұстафа, цифрлық стратегия маманы Дидем Байрам түрлі тақырыпта сабақ өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар