Италияда Қоршаған орта министрлері жиналысы

Жиналыста  Түркия атынан  Мурат Курум да сөз сөйлейді.

1678783
Италияда Қоршаған орта министрлері жиналысы

Үлкен жиырмалық елдерінің Қоршаған орта, климат және энергетика министрлерінің кездесуі Неапольде басталды. Жиынды G20 кезекті төрағасы Италия өткізіп отыр.

Кездесуде биотүрлілік және ластану, ауылшаруашылық аймақтарының деградациясы, шөлейттену, суды және басқа да табиғи ресурстарды мақсатсыз пайдалану мәселелері талқыланып, шешімдер ізделеді.

Тарихи Palazzo Reale сарайында (Король сарайы) өтетін екі күндік кездесуде қатысушылар халықаралық оқиғаларды бағалайды және табиғатты қорғаудың тұрақты саясатын талқылайды.

Кездесуді Италияның Экологиялық Трансформация министрі Роберто Синголани ашты. Ол «Соңғы айларда және күндерде болған қайғылы метеорологиялық оқиғалар біздің климаттық жүйенің күрделі мәселелерге тап болғанын көрсетеді», - деді.

Жиналыста  Түркия атынан  Қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мұрат Курум да сөз сөйлейді.

Климат пен энергетикаға жауапты G20 министрлері де ертең Неапольде климаттың өзгеруіне қарсы тұру, энергетикада ортақ көзқарас қалыптастыру және ынтымақтастық салаларын нығайту үшін бас қосады. Министр Курум осы жиналыста техникалық делегациямен бірге қатысады.



Ұқсас жаңалықтар