Ердоған 19-20 шілдеде СКТР-на барады

Президент Режеп Тайып Ердоған сапар аясында СКТР Республика Мәжілісінің арнайы отырысында баяндама жасайды.

1676834
Ердоған 19-20 шілдеде СКТР-на барады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның 19-20 шілде дүйсенбі күні СКТР-ге баратыны, 20 шілде Бейбітшілік пен еркіндік құттықтауларына қатысатыны хабарланды.

Президенттің сарай Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде Президент Режеп Тайып Ердоғанның СКТР президенті Ерсин Татардың шақыруымен 19-20 шілде дүйсенбі күні СКТР-ге сапармен баратыны білдірілді.

Дүйсенбі күні СКТР-ге баратынын, 20 шілде Бейбітшілік пен еркіндік құттықтауларына қатысып, қасиетті Құрбан айтты Кипр түрік халқымен бірге өткізетінін айтқан Ердоған СКТР-де кездесулер өткізетінін, мұралар мен жобаларды қызметке ұсынатынын атап көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған сапар аясында СКТР Республика Мәжілісінің арнайы отырысында баяндама жасайды. 20 шілде Бейбітшілік пен еркіндік құттықтауларына қатысады.

Президент Режеп Тайып Ердоған сапары кезінде СКТР президенті Ерсин Татармен бірге СКТР-де аяқталған жобалардың тұсау кесер рәсімдеріне де қатысады.



Ұқсас жаңалықтар