Түркия ең көп вакцина егілген 9-шы ел атанды

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация көрсеткіштерін жариялады.

1676743
Түркия ең көп вакцина егілген 9-шы ел атанды

Дүниежүзі бойынша жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарсы  егілген вакциналар 3 миллиард 610 миллион дозадан асты. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мағлұматтарына қарағанда Түркияда қазірге дейін 62 миллион 578 мың 908 доза вакцина егілді.

Түркия сандық тұрғыдан әлемде вакцина егуден 9-шы орын алса, кез-келген 100 адамға шаққанда түсетін вакцина саны 74.15 пайызды құрады.

Бірінші компонент 38 миллион 816 мың 308 адамға, екінші компонент 20 миллион 170 мың 249 адамға егілді.

 



Ұқсас жаңалықтар