Чавушоғлу Ауғанстандағы бейбітшілікке тоқталды

Мевлүт Чавушоғлу Өзбекстан үй иесі болған "Орталық және Оңтүстік Азия: Аймақтық тәуелділік, сынақтар мен орайлар" тақырыпты халықаралық конференция

1676534
Чавушоғлу Ауғанстандағы бейбітшілікке тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Ауғанстанда бейбітшілік болмай, құрлығымызда нағыз бейбітшіліктен сөз қозғай алмаймыз" деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Өзбекстан үй иесі болған "Орталық және Оңтүстік Азия: Аймақтық тәуелділік, сынақтар мен орайлар" тақырыпты халықаралық конференцияның жалпы отырысында басндама жасады.

Қиыншылықтарды бірге жұмыстану арқылы жеңу керектігін айтқан Чавушоғлу:

"Бастысы тіпті көп аймақтық ынтымақтастық жасауымыз керек. Ауғанстан, Әзербайжан, Грузия, Иран, Пәкістан және Түркияны қамтыған үштік механизмдерге шабыт беріп,  жауапкерлікті арқалағанымыз жөн. Түрік Кеңесі үмітті аймақтық ынтымақтастық үлгісі ретінде құрылды" деді.

Ауғанстан жағдайының нашарлағанына тоқталған Чавушоғлу:

"Ауғанстанда бейбітшілік болмай, құрлығымызда нағыз бейбітшіліктен сөз қозғай алмаймыз. Бейбітшілк процесіне қолдауды жалғастырамыз. Кабул Хамид Карзаи әуежайының қауіпсіздігін қамдау мен басқаруын жалғасты атқарамыз" деп көрсетті.

Чавушоғлу екінші Қарабах соғысынан кейін Зенгезур дәлізі арқылы тың орайлар туғанын айтып,  мұның Кавказдағы жақсару үшін маңызды екенін білдірді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Аймақ өзара тәуелі экономикалық жүйеге мұқтаж. Бұған жету үшін аймақтық ынтымақтастықты жебеу керек" деді.



Ұқсас жаңалықтар