ТРТ Бас директоры Собажы 15 шілдеге тоқталды

"15 шілде Демократия мен Ұлттық бірлік күніне" орай Бас директорлық бақшасында өткен еске алу іс-шараларына ТРТ Басқару Кеңесінің төрағасы Профессор Доктор Ахмет Албайрак, теледидар басшылары қатысты.

1675842
ТРТ Бас директоры Собажы 15 шілдеге тоқталды

Түркия Телерадио басқармасының Бас директоры Профессор Доктор Мехмет Захид Собажы "15 шілде Демократия мен Ұлттық бірлік күніне" орай жариялаған мәлімдемесінде бұл күресті барлық платформаларда баяндауды жалғастырамыз деді.

Түркия Телерадио басқармасы тарапынан "15 шілде Демократия мен Ұлттық бірлік күніне" орай Бас директорлық бақшасында еске алу іс-шаралары ұйымдастырылды.

Бағдарлама ТРТ өнерпазы Өмер Фарук Гүнейдің діни әні және Құран Кәрім оқумен басталды.

Бағдарламада Бас директор Мехмет Захид Собажы 5 жылдың алдында бүгін 21-ші ғасырдағы ең ұлы демократия дастаны жазылғанын, Түркияның өткел бермес екені күллі әлемге асқақ үнмен жеткізілгенін айтты.

Азаматтардың бір жерге жиналуымен ұлттық кереметтің жаратылатыны әлемге  көрсетілгенін айтқан Собажы:

"Президент Режеп Тайып Ердоғанның "Мен ұлттың күшінен үстем бір күш танымадым" деген сөзі еліміздің төрт бұрышына таралып, қараңғы түннің түнегін нұрландырған сөз болды. Ұлтымыз кәрі-жас, ер-әйел демей жігерді мұқатуға талпынған опасыздарға қарсы дастан жазды. Демократия мен тәуелсіздікті құр қолымен, жанқиярлықпен қорғады. Жанымен демократиясына ие шыққан бір ғана ел бар, ол Түркия екенін ұмытпайық" деді.

Собажы ТРТ-ге сол күні түнде үлкен аманат берілгенін, Түркияның ең текті ақпарат органы ТРТ-нің осы аманатқа ие болуға мәжбүр екенін атап айтты.

Түркия Телерадио басқармасының Бас директоры Профессор Доктор Мехмет Захид Собажы:

"15 шілде Демократия мен Ұлттық бірлік күнін эфирлерде еске алуды, осы күресті барлық платформаларда баяндауды жалғастырамыз. Бұл біздің басты міндетіміз, негізгі жауапкерлігіміз, шейіттерге борышымыз. Бүкіл әлемге Фетуллахшы террористік ұйымның қараңғы бет-бейнесін түсіндіруге мәжбүрміз. Бұл ерекшелік емес, бір мәжбүрлік, жауапкерлік және борыштылық. Осы борышты ең мықты, ең күшті бейнемен орындауға міндеттіміз" деп көрсетті. 

"15 шілде Демократия мен Ұлттық бірлік күніне" орай Бас директорлық бақшасында өткен еске алу іс-шараларына ТРТ Басқару Кеңесінің төрағасы Профессор Доктор Ахмет Албайрак, теледидар басшылары да қатысты.    



Ұқсас жаңалықтар