Түркия Грекияға үндеу тастады

Түркия түрік азсандының Еуропа Адам құқықтары соты тарапынан танылған құқықатрының берілуі үшін Грекияға үндеу тастады.

1673319
Түркия Грекияға үндеу тастады

Сыртқы істер министрлігі бұл туралы твиттер арқылы үндеу тастады. Үндеуде "Батыс Фракия түрік азсандыларының азаматтық ұйымы Искече Түрік Одағының құқықсыздыққа және әділетсіздікке қарсы жүргізген  күресіне қолдау көрсетеміз. Грекияны түрік азсандының  Еуропа Адам құқықтары соты тарапынан танылған құқықтарының берілуі үшін үндеу тастаймыз" делінді. 

Батыс Фракия жағрафиялық тұрғыдан Грекияның Гүмилджине (Комотини), Искече (Хантхи) және Дедеағаш (Александрополис) қалаларын қамтиды. Қазір Батыс Фракияда 150 мыңнан астам мұсылман түрік өмір сүреді. 1923 жылы Лозанна шартымен Батыс Фракия қоғамына «азсанды» деген мәртебе берілген еді.  Бірақ түріктер азсандылық құқығын көптеген салада пайдалана алмауда.

 



Ұқсас жаңалықтар