Түркия БҰҰ-ның Джилвегөзү шешімін құптады

Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1672964
Түркия БҰҰ-ның Джилвегөзү шешімін құптады

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің Хатайдағы Джилвегөзү шекара қақпасының БҰҰ жәрдемдері үшін рұқсат беру туралы шешімнің 12 айға ұзартылуын құптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 12 ай үшін қабылдаған шешімі алғашқы 6 айдан кейін БҰҰ Бас хатшысының есебіне сүйене отырып, қосымша 6 айға орындалатыны атап көрсетілді.

Джилвегөзү шекара қақпасының маңыздылығына назар аударылған мәлімдемеде «Аталмыш шекара қақпасы арқылы жіберілген БҰҰ жәрдемдері Сириядағы гуманитарлық дағдарысқа тиімді жауапты жалғастыру және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондықтан, Сирия халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатты еліміз арқылы жұмыс істейтін БҰҰ-ның трансшекаралық гуманитарлық жәрдем механизмінің жалғасуын құптаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен негізгі халықаралық актерлер бұл тақырыпта өздерінің сындарлы көзқарасы мен бітімгершілік ұстанымы саяси кезеңнен бастап Сирия дағдарысына тұрақты шешім табуға бағытталған халықаралық талпыныстар тұрғысынан да көрсетуін күтеміз» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Түркия Сириядағы гуманитарлық дағдарысқа қарсы күресті қолдауды жалғастырады және атысты тоқтату мен саяси үдерісті ілгерілетуге белсенді үлес қосады» делінді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде болып өткен жабық отырыста Сирияның солтүстік батысында 5 миллион адамға гуманитарлық жәрдемнің жеткізілуі үшін аса маңызы болып табылатын Джилвегөзу шекара қақпасының тағы бір жыл ашық қалуы бірауыздан қабылданды.

Джилвегөзү 2020 жылға дейін 4 болған ашық шекара қақпасынан бүгін ашық тұрған жалғыз ғана шекарасы ретінде маңызды болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар