Министр Караисмаилоғлу елші Сапарбекұлын қабылдады

Министр Адил Қараисмаилоғлу Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлын қабылдады.

1668007
Министр Караисмаилоғлу елші Сапарбекұлын қабылдады

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Қараисмаилоғлу Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлын кеңсесінде қабылдады.

Министрлік жасаған жазбаша мәлімдемеде қабылдау барысында екі ел арасындағы транспорт саласына қатысты проблемалардың талқыланғаны атап көрсетілді.

Министр Караисмаилоғлу мәлімдемесінде тамыз айында Түркияда өтетін Баку-Тбилиси-Карс теміржолы (БТК) министрлер жиналысына қазақстандық әріптесі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты да шақырды.

Өзара бетпе-бет өткізілетін екіжақты кездесулерде екі бауырлас елдің проблемаларының өзара жақсырақ шешілетінін атап көрсеткен министр Караисмаилоғлу «екіжақты келісімдер шеңберінде уәде етілген 4000 дана рұқсат бланкілері Қазақстандағы түрік өкілетті елшілігіне жеткізіледі. Бұл шешім бізді қуантады, дегенмен қосымша құжаттар тағы қажет болады» деді.

Өкілетті елші Сапарбекұлы болса министр Атамқұловтың сәлемін жеткізіп, министрдің де түрік әріптесі Караисмаилоғлун Қазақстанға шақырғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар