Албания да түрік әуе көліктерін алады

Тағы бір ел ұлттық қауіпсіздігін арттыру мақсатымен Түркияға жүгінді.

1666636
Албания да түрік әуе көліктерін алады

Түріктің әскери дрондарын инвентарына енгізуге дайындалған елдер қатарына Албания да қосылды.

Түрік Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының халықаралық аренадағы атағы жайылып барады. Тағы бір ел ұлттық қауіпсіздігін арттыру мақсатымен Түркияға жүгінді.

Түріктің ұшқышсыз әуе көліктерін таңдаған елдер қатарына Албания қосылды.  Осы елдің парламенті түрік әскери дрондарын алу үшін бөлінген 8 миллион 200 мың евролық қосымша бюджетті бекітті.

Бұл оқиға Албания Ішкі істер министрі Бледар Чуси және әскери лауазым иелерінің Түркия сапарынан кейін болды. Чучи Стамбулдағы сапары барысында «Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының Албанияда азаматтық және әскери мақсатты қолданылуын қарастырып жатырмыз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар