Акар террордың толық жойылатынын айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар террормен күрестің табысты жалғасып жатқанын білдірді.

1664268
Акар террордың толық жойылатынын айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар террордың ұяларына, террористердің баспаналарына, індеріне кірілгенін, террордың жойылатынын айтты. 

Хулуси Акар Түрік Қарулы Күштері қолбасшылығы мен террормен күрес операцияларында маңызды міндет атқарған Диярбакырдағы 8-ші Негізгі база қолбасшылығы және Малатиядағы 7-ші Негізгі база қолбасшылығында зерттеу мен бақылау жүргізді.

Хулуси Акар осы жердегі сөзінде террормен күрес операциялары аясында Түрік Қарулы Күштерінің ел іші мен шекара сыртында үлкен табыстарға қол жеткізгенін тілге тиек етті және қызметкерді табыстарына орай құттықтады.

Хулуси Акар:

"Ирактың солтүстігіндегі террорды жоюдамыз. Террордың ұяларына, террористердің баспаналарына, індеріне кірілді, баспаналары төбелеріне құлатылды және жалғасты құлатылуда. Синат Хафтанин, Метинадан бастап, Зап, Авашин-Басиян, Хакурк, Гара, Кандил, Асосты қамтыған өңірде террористер қайда барса, сол жерге бардық. Қайда қашса да, террорды толық жоямыз" деді.   



Ұқсас жаңалықтар