Дидим және Кушадасында 100 босқын құтқарылды

Түркия су айдынына кері қайтарылған 100 босқын құтқарылды.

1662607
Дидим және Кушадасында 100 босқын құтқарылды

Айдын провинциясының Дидим және Кушадасы ауданы су айдындарында Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 100 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары екі аудан маңында үрлемелі қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған үрлемелі қайықтағы 51 босқын құтқарылды.

Кушадасы су айдынында да тағы Түркия су айдынына кері қайтарылған үрлемелі қайықтағы 49 босқын құтқарылды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды



Ұқсас жаңалықтар